-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бала сатып жатыр: 500 мың теңгеден басталады

    Бала керек пе? Қара нарықтан қараңыз. Бұл – жарнама емес, қазіргі бала асыраудың сіз бен біз білмейтін құпиясы. Нәрестелердің бағасы 500 мың теңгеден басталады. Оны рассрочкаға, яғни бөліп төлеумен алуға болады. Бір сәбиге зар болып отырғандар балалар үйіне барса, құнтақтағы шақалақ жоқ дейді. Болған күннің өзінде оның аға-әпкесі бар. Ал заң бойынша бауырларды бөлуге болмайды. Сөйтіп, үйі қу мазарға айналған ағайын бала базарға баруға мәжбүр. Ал, басына іс түскен аналарға біз қамқоршы деп білетін дағдарыс орталығы баласынан бас тартуға үгіттеп, бала саудасында делдал болып жүр дейді.

    Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    Бұл келіншек – Қызылордалық. Бет-жүзін көрсетпеуге келіскен соң, бала асырап алудың жайын жасырмай айтты.

    Просто бізде балалар үйінде ешқандай құндақтағы бала жоқ. Таба алмайсыз ешқашанда. Олар посредниктердің қолдарында болады бала. Роддомдағылардың қолында болады. Бизнес дейді ғой, біз 500 мыңға өте арзан алдық.

    Бала асырап алу кәнігі кәсіпке айналғанына көз жетті.

    Айтпақшы, дәл осылай от пен оқтың ортасында қалған қамкөңіл қыздарға қамқор болып жүрміз деген желеумен, баласынан бас тартқызатын орталықтар бар екен.

    Ана мен бала үйі деген бар екен ғой. Жаңағы екіқабат болып қалған қыздар әке-шешесінің үйіне бар алмайтын. Менің бір апатайым жұмыс істейді, сол апатайым айтқан ғой, сіңлімнің баласы жоқ деп, ой проблема емес, біз мына шеттегі любой қызды үгіттеп жібереміз де жаңағы алып берем баланы, лишь бы были зеленые бумаги деп айтыпты ғой.

    Арын ақшаға айырбастады деген орталыққа хабарластық.

    Ондай мәселемен айналыспаймын ғой. Беті аулақ Құдай сақтасын.

    Сақтасын расында. Әйтпесе адам алдында болмаса да, ар алдындағы сот бар ғой. Айтпақшы, сюжеттің басында айттық. Балалар үйінде 4000-нан аса тәрбиеленуші бар деп. Бала бар екен ғой. Неге соларды алмайды деген сұрақ туындаған шығар.

    Дулат Жекебаев, ҚР БҒМ Бала құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

    Көбіне ата-аналар кішкентай балаларды алғысы келеді, 6-7 ге толмаған көбіне нәрсетені алғысы келеді. 3 жастағы, 2, 4 жастағы. Өкіншке орай 4254 дедім ғой, соның 87 пайызы 7 жастан асқан үлкен балалар.

    Тағы бір себеп. Өзге қанша өбектеп тұрса да өгей ғой, өзінің ата-анасынан мейірім көрмеген соң, көбінің дамуында кінәрат бар.

    Асырап алған ата-ана ауруын біліп, кейін баланы қайтып әкеп тастайды. Орта есеппен жылына 20 пайыз бала қайтарылады екен. Бұл туа салып тастанды атанған баланың ата-анадан көрген екінші сатқындығы.

    Алтынай Әубәкірова, әлеуметтік педагог:

    Киім сатып алсаңыз дүкеннен, ұнамаса қайтадан апарып жіберуге болады немесе ұнамаған нәрсені алсаңыз, қайтадан апарып тастап кетуге болады. Ал бала – зат емес, материал емес, ол адам.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында екі әйелді бауыздап өлтірген өзбек азаматы іздестірілуде

    Фариза

    «2023 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендейді» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі желіде тараған ақпаратқа байланысты пікір білдірді

    Фариза

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.