-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақмолада аяғы ауыр әйелді әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

    Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан кім екені тексерілуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Желіде фельдшерлер түсірген видео тарады. Олар қызметтік көліктің бүйір терезесін тесіп өткен оқтың орнын көрсетті.

    Оқиға Щучье қаласында болған. Жедел жәрдем көлігі қызметкерлерінің өзі аң-таң.

    Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Бір уақытта тарс еткен қарудың дыбысы естілді. Ештеңе ұқпай қалдық, — дейді видеодағылар.

    Оқ жедел жәрдем көлігінің бүйір тезересін тесіп өткен. Бақытқа орай, оқ ешкімге тимеген. Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді. Ал тәртіп сақшылары жедел жәрдемге оқ атқан адамды іздеуге кірісті.

    қатысты посттар

    Әйелдерді қорғайтын заң қорлайтын заңға айналды

    Фариза

    «Израиль жалпыға бірдей екпені қателік деп мойындады»

    Фариза

    «Жұрттың баласы» — қазақтың басты жауына айналған құлдық сана

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.