13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    У ішіп қойған. Әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті тарады

    Желіде науқасты үйінен көлікке дейін қар үстінде сүйреген фельдшер мен баланың суреті тарады. Жедел жәрдем көлігі жол тазаланбауына байланысты науқастың үйіне жете алмаған, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

    Бұл оқиға Қостанай облысында болған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

    Желіде тараған суретте фельдшер науқасты көлікке дейін қар үстінде сүйреп бара жатқаны көрсетілген. Фотода ешқандай жол жоқ екені, бәрін қар басып тастағаны анық көрінеді. Науқастың үстіне қалың көрпе жабылған. Фельдшермен бірге науқасты оның баласы да сүйреген.

    Ведомстводағылар сурет 11 наурызда түсірілгенін хабарлады.

    “Расымен, фото 11 наурызда Арқалық ауданы Родина аулында түсірілген. Жедел жәрдем бригадасы үйге жете алмай, жағдайды бағалап, науқасты үйінен көлікке дейін 200 метр тасымалдаған. Науқас су ішемін деп шатасып, улы зат ішіп қойған. Ол Арқалық ауданына жеткізілді. Ер адам ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауысты. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

    қатысты посттар

    “Алтын орда” базары біреулер үшін “майшелпекке” айналды” Токаев тәртіп орнату үшін екі ай уақыт берді

    Фариза

    Тараз қаласында толайым тірлік көп

    Фариза

    Қазақстанда пандемия кезінде қанша жұп ажырасты?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.