-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мүгедектерге қарайтын көмекшілер жалақысы екі есеге қысқарды

    Қызылордада 1-топ мүгедектері облыс әкімдігіне жиналды. Елуден аса мүмкіндігі шектеулі жан аймақ басшысы – Гүлшара Әбдіхалықоваға мұң-мұқтажын айтуға келді. Бәрінің базынасы бір – арбаға танылғандар мен қос жанарынан айрылған зағип жандардың жеке көмекшілерінің жалақысы ақпан айынан бастап екі есе қысқарыпты. Салдары айтпаса да түсінікті. Қимыл-қозғалысы қиын адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі бұрынғыдан да ауырлай түсті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

    І-топтағы мүгедектерге қарайтын жеке көмекшілердің жалақысы жыл басталғалы 80-нен 40 мыңға бір-ақ қысқарыпты. Енді еңбекақылары облыстық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізген есептеріне байланысты төленеді екен.

    Тәулік бойы жарымжан жандардың қасынан табылатын көмекшілерге бүгінге дейін тәуліктің 8 сағатына ғана төленіп келген. Ал сенбі, жексенбі күндері мүлдем есепке алынбайды екен. Жауапты мамандар мұның барлығы бюджетті үнемдеу деп түсіндіріпті.

    Жанайқайларын жеткізуге келгендерді облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова қабылдады. Бірақ, жүздесу бәріне бұйырмады. Ішке тек 15 адамды кіргізді. Ал сыртта қалғандары жаурап қалды.

    Ал, бұл мәселеге жауаптылар мүгектердің серуені үшін жеке көмекшілерге төленбейтінін растады. Сағаттардың қысқартуы заң шеңберінде болды дейді мамандар.

    Гауһар Қалмақова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

    Еңбек министрінің бекітілген ережесі бар. Именно сол тізімде прогулка деген жоқ. Қазіргі таңда министрлікпен жұмыс жасап жатырмыз, өзіміздің ұсыныстарымызды беріп те жатырмыз.

    Жаңа заң жобасын депутаттар осы наурыз айында қарамақ екен. Алайда басқарма басшысы ол жерде мүгедектердің серуені тізімге қосылатынын не қосылмайтынын дөп басып айта алмады. Ал облыс әкімі басқармаға жұмыс тобың құрып, мәселені егжей-тегжей қарауды тапсырыпты.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Қызылорда облысында ескерткіштердің қазба жұмыстарына жұмыссыз жастар тартылады

    Фариза

    Храпуновтың Шығыс Қазақстан облысындағы 8 жер телімі тәркіленеді 

    Пікір қалдыру

    12 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.