Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Көмектесіңіздер!». Желіде нағашы атасы аяусыз ұрып-соққан оқушы туралы видео тарады

    Алматылық қария мектеп жасындағы немересін аяусыз соққының астына алды. Бұл қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Жарияланған кадрлардан қарияның төсекте жатқан немересін аяусыз ұрып-соғып жатқаны анық көрінеді. Ол баланың денесінен және бетінен ұрған. Таяқтың астында қалған бала жан даусымен «көмектесіңіздер» деп айқайлап жатыр. Ал атасы үнін шығармауды бұйырып, еденге құлаған немересін одан әрі ұра берген. Бұл оқиғаны сабақ оқып отырған бөлмедегі екінші баланың бақылап отырғаны видеоға түсіп қалған.

    Сондай-ақ, жанжалға әйел араласады. Ол да жылап жатқан балаға аузын жабуын бұйырған. Алайда, бала тынышталмай, жан дауысымен жедел жәрдем шақыруын сұрайды. Ол қан ағып жатқанын және өзінің батареяға соғылып, таяқ жегенін хабарлайды.

    Видео авторы өзінің түсіріп тұрғанын байқатпас үшін бірнеше рет басқа бөлмеге барып келген.

    Алматы полиция департаменті оқиға 15 ақпанда Түрксіб ауданында болғанын хабарлады. Осы іс бойынша құқық қорғау органдарына видеода таяқ жеп жатқан баланың 32 жастағы анасынан 6 наурызда арыз түскен. Полицейлердің мәліметінше, әйел ажырасқаннан кейін үш баласымен ата-анасының үйінде тұрған.

    «Арыз жазған ана 2011 жылы туған — кәмелетке толмаған ұлының атасы тарапынан, яғни, арыз иесінің туған әкесі тарапынан соққыға жығылғанын мәлімдеді. Көрсетілген мекен-жайға жедел-тергеу тобы — аудандық учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары шықты. Ер адамның (соққыға алған – ред.) қалалық наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде емделіп жатқаны анықталды», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Немересін ұрған атаға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша материалдар жиналды.

    «Балаға келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Жиналған материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды. Жақын арада сот құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдайды. Қазір әйел ата-анасының үйінен көшіп кетті. Олар Алматы облысындағы туыстарын паналап отыр», — деп қосты Салтанат Әзірбек.

     

     

    қатысты посттар

    Қаскелеңде жүкті әйел 3-қабаттан секіріп кетпек болды

    Фариза

    Шымкенттік журналистер Мақтаарал халқына қолдау көрсетті

    Фариза

    Халыққа «жаны ашыған» Айсұлтанның желідегі жазбалары, нәтижесінде, ақшаға тірелді ме?

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.