-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Артымнан мені бір жыл тексерді. Арыстанбек Мұхамедиұлы сұқбат берді

    Жақында өзіне ақпараттық шабуыл жасады деп мәлімдеген Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы баспасөзге сұқбат берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    31 телеарна журналисі Ирина Советжанқызына берген сұқбатында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі мен қызға байланысты өткендегі даудың жай-жапсарын бүге-шігесіне дейін қалдырмай баяндап берді.

    «Жасыратыны жоқ, министр болып кеткен соң артымнан бір жыл тексерді. Сол кезде бір артық тиын шығып немесе біреу артық гонорар алса, қазір айғай-шу болып жатар еді. Мәселен, қазір Қазақфильмде күнде шу. «Қасым ханды» түсіргендер бір техниканы 20 миллионға сатып алған, көрдіңіз бе? Ал менің жағдайымда сондай болды ма? Сондай сөз шықты ма? Жоқ, әрине.

    Ал қызға байланысты оқиғаға келсек, ол іс немен біткенін білесіз бе? Қыздың обалына қалды. Қазір ол қайда? Қыздың менен кешірім сұраған видеосы шықты. Ондай жағдай болған жоқ деді. Басында жала жапқаны үшін оған 200 доллар берген. Мен ол қызды сотқа беруге мәжбүр болдым. Әйтпесе бұл жаланы мойындау болар еді. Әрине, қыз сотқа келмей қойды. Сот қыздан кінәсін мойындайтын-мойындамайтынын сұрады. Содан ол видео жолдады. Болған оқиғаны баяндады. Сонымен іс бітті. Ол кешірім сұрады, өз кінәсін мойындады. Ары қарай соттап қайтемін оны, жас емес пе, обал.

    Қазір бәрі белгілі болды. Атышулы видеоны қай киностудияда жазылғаны, оны қай студияға барып оқытқаны, қандай журналистер түсіргені анықталды. Сөйтсе ол қыз орысша жақсы білмейді екен. Оны бір журналист бір апта дайындаған. Айтатын сөздің мәтініне дейін жазып берген. Ол арнайы ұйымдастырылған дүние. Оны ұйымдастырған жігіттердің өзі бүгіндері істі болып кетті. Басқа ел болса, қазір мен ұлттық батыр болып жүрер едім. Сол кезде маған 3 мың долларды Ресейге аудар деді. Шатақтың барлығы содан шықты. Мен сол ақшаны алып қалдым. Ол ресейлік бір күндік компания. Алдамис деген. Ол компания 3 жыл жұмыс істемеген. АҚШ компаниясының Ресейдегі филиалы деді. Бірақ онысы өтірік, бұл таза афера болатын.

    …Жаманқұловтың, әрине маған өкпесі бар. 3 млн долларды әкетейін деп тұрған жерінен тоқтаттым ғой. Дегенмен Жаманқұлов істі болып, 5 млн теңге ақша төлеуі керек болғанда 1,5 млн теңгесін мен бердім. Тура сол кезде жұмыстан сыйақы алғанмын, сол кісіге картамнан аударып бердім. «Ешкімге қиянат жасағым келмейді, аулақ» дедім. Сотқа бермесіме қоймады, әйтпесе өзімнің басым бәлеге шатылар еді.

    Өз басым, ондайға бармаймын. Министр болып тұрғанымда өзім жазған сценарийге кино түсірсем болады ғой, ең құрымағанда. Мен оны да жасаған жоқпын. Ал Гүлнәр Сәрсенова, кезінде мен министр болып тұрғанда киностудияға басшылық қызметке қоймай қойғанмын. Өйткені оны жақсы білемін. Бірақ мен кеткен соң ол Қазақфильмге барып алды, бір жылға жетпей барлық ақшаны өз фильміне алып алды. Міне, жағдай осындай.

    Мұның барлығы арнайы ұйымдастырылған. Уинстон Черчильдің мынандай жақсы сөзі бар: «Әр үрген итке «қой» деп жүрсең, алға қойған мақсатына жетпейсің» деген. Сондықтан мен мұндай нәрселерге онша көңіл бөлмеймін. Оның орнына өз шығармашылығыммен, өзіме сүйікті іспен шұғылданғанды жөн көремін. Ал, тіпті тұтқиылдан келсе, елімізде заң бар, соның көмегіне жүгінемін…».

    Арыстанбек Мұхамедиұлына табысы жайлы сұрақ та қойылды.

    «Министр кезімде 900 мыңнан аса жалақы алдым. Ал қазіргі жалақым үш есе аз. 350 мың теңге аламын», — деп қысқа жауап берді бұл сауалға.

    Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.

    қатысты посттар

    Жұртты балағаттап «танымал» болған педагог әлі қызметінен босатылмаған болып шықты

    Фариза

    «Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!». Полиция өзбек-қазақ арасындағы жанжалға пікір білдірді

    Фариза

    «Жеті жыл тозақта өмір сүрдім» Күйеуінен зорлық көрген әйел өзіне қол жұмсамақ болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.