Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

    Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде жүк көлігі жер астына Алматыда Қажымұқан көшесінде түсіп кеткені хабарланған.

    Кадрлардан көліктің жартылай жерге кіріп кеткенін көруге болады.

    Алматының жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігі жүргізушісінің миы шайқалып ауруханаға түскен.

    «Оның ми зақымданған, сондай-ақ кеудесі жаралы. Жағдайы орташа ауыр. № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Алматы ТЖД мен полиция департаменті өкілдері оқиғаға кейінірек түсінік беруге уәде етті.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДА: МОНИТОРИНГТІК ТОП №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА, 4 ДӘРІХАНАҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 10 ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.