7 C
Алматы
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

    Димаш Құдайберген жеке шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Әнші MTV USA арнасына ағылшын тілінде сұхбат берді. Димаш Кевин Кеннимен болған тоғыз минуттық әңгімесінің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

    Димаштың айтуынша, оған жанкүйерлерімен әңгімелесу, ата-анасының қуанышы шабыт сыйлайды. Сондай-ақ, ол Қытайдағы өмірі туралы айтты. Ел тұрғындарының өзін жылы қарсы алғаны ұнады деді.

    «Менің қытайлық аудиториям өте мейірімді, қамқор», – деді ол.

    Ал музыканың, шоу-бизнес пен өнердің ордасы АҚШ-қа ол жеке шығармашылығын дамыту үшін көшуді жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ «отбасым өмір сүріп жатқан жер әрдайым сүйікті мекенім болады» деді әнші.

    қатысты посттар

    Әйгілі отбасылық жұп ажырасуға шешім қабылдады

    “Сүймесең, қызға тиіспеуің керек еді!”: Саят Әбенов науқас баласын тастап кетті дегендерге жауап берді

    Фариза

    Қаржы пирамидасын жарнамалаған танымал үш блогер қылмыстық жауапқа тартылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.