Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады — Бекшин

    Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз», — деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.

    Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті. Алматы қаласында пандемия басынан бері 21547 жағдай тіркелді.

    қатысты посттар

    Мұндайды ешқашан көрмеппін! Қостанайдың жолында мұз көшті

    Фариза

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданында болды

    Фариза

    М.Тазабек «Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашпақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.