-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Министрліктің шындығы пен өтірігі

    Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев «Караванға»» берген эксклюзивті сұқбатында «Арланды» пайдаланудағы министрліктің ұстанымы жөнінде жауап берді.

    — Жалпы, заңнама талаптарына сәйкес, Қорғаныс Министрлігі  сатып алатын техниканың түрлерін, санын тек уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылайды. Мұндай ақпарат мемлекеттік құпияларға жатады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қорғаныс өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен коммерциялық мәселелер бойынша жұмыс істейді, ал біз қару-жарақ пен әскери техникалардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың санын ғана талқылай аламыз. Сондықтан, мен барлық мәліметтерді ашпай, жұртшылыққа мәлім ақпаратты қайталаймын.

    Бүгінгі таңда, Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-дан90 бірлік «Арлан» бронды көлігін сатып алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін әскерлерге 30 бірлік және 2021 жылы тағы да 11 машина жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Қаурлы Күштерінің құрылған сәтінен бастап, отандық және шетелдік бірде-бір кәсіпорыннан осындай үлкен көлемдегі әскери техника сатып алған жоқпыз. Бұдан басқа, 2021 жылы тиімділігі маңызды көрсеткіштегі зауытқа қосымша, бұрын жалпы сомасы 250 миллионтеңгеден астам әскерлерге келіп түскен 60 бірліктен астам «Арлан» бұрғылау кран машинасының техникалық қызмет көрсетуді тапсырыс бойынша жоспарланған болатын. Осылайша, 2021 жылы Парамаунт басшылығынақтылығандай, Қорғаныс министрлігінің тарапынан тапсырыссыз қалғаны шындыққа жанаспайды

    — Руслан Нұртөлеуұлы, неге осы заманауи техниканы әскерлер үшін сатып алып, зауыттың түпкілікті тоқтауына жол бермейсіз?

    — Біріншіден, Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысының іс-шараларын нақты орындаушыларын таңдаумен және олармен шарттар жасасумен айналыспайды. Мұның барлығы бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиесілі болып табылатынын, яғни уәкілетті органның құзыретіне кіретінін айтқым келеді. Біз тек қажетті тактикалық-техникалық сипаттамасын ғана береміз.

    Екіншіден, жауынгерлік құрам мен техниканың саны ең жоғары деңгейде бекітілген құжаттармен регламенттелген, онда Қарулы Күштердің ұйымдық-штаттық құрылымы мен жауынгерлік құрамы нақты жазылған. Техниканың әрбір бірлігін ұстау, қызмет көрсету, оған жеке құрамды бекіту қажет екенін, мұның бәрі қосымша шығындарға әкеп соғатынынтүсіну керек,.

    Тағы да айтып өтейін, бұл жеке кәсіпорындарға мемлекеттің қаражатын төлеу мәселесі жөнінде  болып тұр. Бұл салық төлеушілердің ақшасы, ал уәкілетті мемлекеттік алқалы органдар болса: бұл ақшаға мектептер, ауруханалар салу, әуе кеңістігін қорғау немесе «жеке меншік иесінен» қымбат тұратын техниканың бірнеше бірлігін сатып алу, содан кейін қамтамасыз етуге, жөндеуге, экипаждың жалақысына және т.б. қаражат  жұмсау туралы шешім қабылдайды. Бұл тұрғыда барлық фактор ескеріледі.

    Бұл мәселе өте күрделі және маңызды, сонымен қоса жабық сипатқа ие және әскери бөлім барлығына есеп беруге міндетті емесекенін айтайын. Қайталап айтамын, шешімдер,алқалы түрде, арнайы органдар арқылы әзірленеді. Айтпақшы, ағымдағы жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысының бюджеті қысқарған жағдайда, Қорғаныс министрлігіне қажетті қару-жарақ пен қызметтерді сатып алудан бас тартуға тура келген кезде, «Арлан» броньды машинасына тапсырыс беру мәселесі өзгеріссіз қалды! Қазіргі уақытта аса маңызды қаржы мәселерін шешуіміз керектігіне, бізде неғұрлым өзекті мәселелер бар екеніне қарамастан, біз осы шешімге келдік.

    — Бірақ Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен ынтымақтастық және БКМ-ның белгілі бір санын әскерлерге жеткізу туралы Меморандумға қол қойды ма?

    — Бұл меморандумға 2017 жылы министрдің орынбасары қол қойды. Қазақстан заңнамасына сәйкес меморандум азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оған қол қойған тараптар үшін заңдық, қаржылық және өзге де міндеттемелер әкеп соқтырмайды. Бұл Меморандумның мәтінінде де айтылғандай, тиісінше басшылық іс-қимылдың маңызды көрсеткіштері бойынша бұл туралы алдын ала білген.

    — Бұдан өзге, егер сіз кәсіпорынның құрылу тарихын және өнім шығаруын мұқият зерттесеңіз, онда қызықты сәттердің куәсі боласыз. Мысалы, зауыт 2015 жылы мемлекеттік қаражаттың қатысуымен салынған. «Арландардың» алғашқы жеткізілімі 2016 жылы жүзеге асырылды, ал меморандумға 2017 жылдың шілдесінде ғана қол қойылды. Осыдан меморандум жеке инвестициялар салу үшін негіз бола алмайтыны түсінікті. Сонымен қатар, 2015 жылы зауытты құруға «Қазақстан Инжиниринг» мемлекеттік компаниясына»мемлекеттің қаражаты салынды.

    Осы жерде Меморандумға қайта оралсақ, Қорғаныс министрлігі броньды машиналарды сатып алуды 2025 жылдан бастап жүзеге асыра бастағанын және оның көлемін бес жыл ішінде орындай алатынын атап өткім келеді. Бірақ Қорғаныс министрлігі бұл техниканы дереу сатып ала бастады, оны ұзақ сатып алусыз, іске асыра бастады, яғни кейінге қалдырмады. Меморандумда «техниканы әскери сынақтардан өткеннен кейін ғана сатып алуға болатындығы»көрсетілген. «Барыс» бронды машинасына келетін болсақ, қазіргі уақытта ол тәжірибелік әскери пайдаланудан да өтпеген.

    Жалпы, елімізге қатысты жағдайлардың тез өзгергеніне келісесіз деп ойламын. Қарулы Күштерді дамыту және қайта жарақтандыру процесіне түзетулер енгізу қажет. Әйтпесе, Қазақстан армиясы қабілетсіз болады. Мұны елдің жоғарғы басшылығы да айтады. Әскери қауіпсіздік, біздің аумақтық тұтастығымыз кез-келген меморандумнан немесе ниет хаттамасынан бір саты жоғары екені айтылады. Тіпті, Қорғаныс министрлігі осы Меморандумда жазғандарды орындауға тырысады.

    — Қорғаныс министрлігінде өнім тиімділігінің маңызды көрсеткіші бар ма? Бар болса ол қандай?

    — «Арлан» бронды машиналарын шығаратын «Stаnag» біліктілігі жөнінде қорғаныс дәрежесінен шетелдік өнімнен кем түспейді. Ия, олардың жылдамдығы мен эргономикалық көрсеткіштері жақсы. Сонымен қатар, бірқатар кемшіліктері де жоқ емес. Неге жоққа шығаруға тиіспіз? Дегенмен, олардың бүкіл кемшіліктерін теріп, кәсіпорынға зиян келтіргім келмейді. Кез-келген техниканың кемшіліктері бар және бұл қалыпты жағдай деп қабылдауымыз керек. Тағы да айтайын дегенім, мен тек армияның, әскери адамның атынан атына айтып отырмын. Кейбір параметрлер бойынша ол асып түседі, кейбір парамертрлері жағынан төмен екені шүбәсіз.Мысалы, полиция немесе Ұлттық ұлан тұрғысынан, сипаты басқаша болуы мүмкін.Біреуіне сәйкес келмейтін нәрсе, басқалар үшін өте жақсы болуы мүмкін.

    Әскерилер үшін жазылмаған заң бар: қару-жарақ пен әскери техниканың әр түрін қолданудың өз ерекшеліктері бар. Бұл Құрлық әскерлеріне, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, авиация және Әскери-теңіз күштеріне қатыстыайтыдған деп ойлаймын. Сондықтан техниканың бір түрін екіншісіне қарама-қарсы қою ақымақтық және кәсіби сипатқа сай келмейді. Олардың әрқайсының мақсаттары әр түрлі. Барлық анықталған кемшіліктерді біз кәсіпорынмен бірге талқылаймыз. Бұл қалыпты үдеріс.

    Бұл ретте барлық анықталған кемшіліктер мен ұсынымдарды өндіруші сындарлы қабылдауы тиіс, өйткені оларды жою және одан әрі дамытып өндіру кезінде есепке алу,шығарылатын өнімнің сипаттамаларын жақсартады және оның қару-жарақ нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

    — Жақын арада ресейліктер жасап шығарған техникаларды сатып алу жоспарланған ба? Атап айтқанда, Ресейлік БТР-ларды сатып аласыздар ма?

    — Мен сіздің сұрағыңыздың астарын түсінемін. Баспасөз беттерінде бірнеше рет біздің елде шетелдік өндірушілердің мүдделерін қолдап жүр деген мәлімдемелер де айтылды. Мен Қорғаныс министрлігінің атынан жауапты адам ретінде айтарым, егер Қорғаныс министрлігі бір нәрсені қолдаса, онда мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі ретінде армияның мүдделері ретінде қолдайтынын айта аламын. 

    Біз әрқашан отандық өнімді қолдаймыз, бірақ біздің армияның ықшамдылығына, әскери өнімдердің шағын нарығына байланысты отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін тек Қарулы Күштердің тапсырысымен ғана табысты дамыта алмаймыз. Біздің елімізде әскери өнімдерінің барлық түрлерін тек «бюджеттік қаражат» есебінен өндірудің ешқандай мағынасы жоқ.Сондықтан, егер біз қорғаныс қабілетін сақтап, қамтамасыз еткіміз келсе, кейбір қару-жарақ пен әскери техниканың түрлері  шетелден алуымыз  қажет.

    Тіпті дамыған елдердің қуатты армияларының өзі қару-жарақ пен әскери техниканың кейбір түрлерін шетелден сатыпалады, атап айтсақ, Ресей, Германия, Түркия, Үндістан және т. б. 

    Брондалған машиналарға келетін болсақ, олардың әрқайсысы нақты тапсырмаларды орындауға арналған. Тағы да атап өткім келетіні, «Арландарға» жүктелген, оларды орындау үшін олар жобаланған, Әскери құрлық машиналарының өз міндеттері бар. Олардың әрқайсысының кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Сондықтан технологияның кейбір түрлерін басқаларға қарсы қою бұл кәсібилікке жатпайды.

    Сондай-ақ, Қорғаныс министрі сегіз жылдан астам уақыттан бері біз шетелден бронды көліктер сатып алмағанымызды атап өтті. Бұл жердегі бір мақсат ҰҚШҰ-ның жедел ден қоюұжымдық күштерінің бөлімшелерін жасақтау шеңберіндегі уағдаластықтарда көзделген болатын, 2021 жылы біз бронды көліктер сатып алудан бас тарттық.

    Қорғаныс Министрлігінен қандай да бір жеке кәсіпорынның өнімін, оның қаржылық проблемаларын шешу үшін ғана сатып алуды талап ету дұрыс емес деп санаймын. Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігінің өзі сатып алатын қару-жарақтың түрлері мен санын қалыптасқан сыртқы саяси жағдайына жәнеқаражат мүмкіндіктерін ескере отырып, жекелеген өндірушілер ұнататынына немесе ұнатпайтынына қарамастан айқындайтын болады.

    Менің ойымша, сіз сатып алушы ретінде аңшылар дүкеніне келген болсаңыз, сізге сатып алушы нені және оны қанша мөлшерде сатып алуға тиіс екеніңізді айтпайды. Егер сіз оған сұрақ қойсаңыз, ол сізге жауап ретінде «аң аулайтын сіз, сізге не қажет екенін және аң аулайтын сіз екеніңізді» ескерутші еді.

    . — Сіз Парамаунтпен ынтымақтастықта қандай перспективаларды көресіз

    — Қорғаныс министрлігі әрқашан, ынтымақтастық пен диалогқа дайын. Біз бұл диалог ашық аргументтің, фактілердің, сандар мен экономиканың өзегіі болуы тиіс деп санаймыз.

    Біз елдегі экономиканың және жеке бизнестің дамуын толық қолдаймыз. Дегенмен, жеке бизнес пен жұмыс орындарының мәселерінқорғаныс қабілетінің есебінен шешу дұрыс емес. Мыңдаған компания бюджет қаражатынсыз, бәсекелестік нарық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Армияның бастық міндеті – кез-келген жағдайда елді қорғауға дайын болуында. 

    Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштердің барлық офицерлері шектен шықпауға, қорлауға, есеп айырылысуға болмайды деп санайды. Зауыттың сынақтарды жүргізуіне, әскерді тәжриібеде пайдалануға барынша қолдау көрсетеміз, тізімдегі шығарылатын өнімдерді ауқымды етуді ұсынамыз. Біз 5 жыл бойы «Арлан» машиналарын сатып алып келеміз, міне, ақыр соңында компания экспорттық нарыққа шықты. Тек біздің қажеттіліктеріміз ғанакәсіпорынды ұзақ мерзімдік тапсырыстарға жүктей алмайтыны ескеруіміз қажет. Бұл қаржылық қиындықтар, маркетинг пен кәсіпорынды басқарудағы қателіктерге байланысты болуы мүмкін. Бұл жерде Қорғаныс Министрлігінің еш қатысы жоқ деп ойлаймын.

    қатысты посттар

    Павлодарда атыс болды, жараланғандар бар

    Елордадағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек

    Әсел Айтпаеваның ісі: күдікті 15 шілдеге дейін қамауда болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.