-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда автобус паркіне жаңа қоғамдық көліктерді табыстау рәсіміне қатысты. Енді Сырдың бас шаһарында Семей қаласының «СЕМАЗ» зауытында құрастырылған үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар жолаушылар тасымалын жандандыратын болады.

    Соңғы үлгідегі кең әрі жайлы заманауи автобустар бір уақытта 55 адамды тасымалдай алады. Жаңа автобус жылдамдық шектеу, қозғалыс интервалын бақылауға арналған GPS жүйесімен жабдықталған, жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделген, экологиялық таза газбен жүреді. Аймақ басшысы салтанатты шарада жаңа қоғамдық көліктер қала тұрғындары үшін, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді етіп ыңғайластырылғандығын жеткізді.

    «Бүгін облыс орталығы Қызылорда қаласының транзиттік әлеуетін дамыту бағытында автобус паркі жаңа 13 автобуспен толығып, халық игілігіне беріліп отыр. Қызылорда автобус паркі құрылғаннан бастап, автопарктің техникалық базасын қалыптастыру мақсатында 122 дана жаңа автобус алынған болатын. Бүгінде қалаішілік 25 бағытқа және 8 қала маңына қатынайтын бағытқа, барлығы 636 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді. Биылғы жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» жобасымен қаладағы бірқатар қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесі енгізілді. Бүгінге дейін 212 мың адам терминал арқылы, 15 мың адам телефон немесе көлік карталары арқылы төлем жасаған. Бұл қоғамдық көліктердегі жолаушылар мен тасымалдаушылардың өзара сенімділігін, мәдениеттілігін қалыптастыруға ерекше ықпал етуде», – деді аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова.

    Сондай-ақ, шарада сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Нұрқұшұлы аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, қала тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

    Бүгінде қалаішілік 25 бағытқа және 8 қала маңына қатынайтын бағытқа, барлығы 636 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді. Олардың қатарын бүгін беріліп отырған №1 бағыттағы су жаңа автобустар толықтырып, халық тасымалы қызметін жандандырмақ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысына 271 млрд теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

    Фариза

    Жамбыл облысында «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

    Фариза

    Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілген жеңілдігімен құнды

    Пікір қалдыру

    8 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.