22 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында криминогендік ахуал тұрақты

    Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың 10 айында 1203 ұрлық қылмысы тіркеліп, 37 пайызы ашылған. Қалған қылмыстар бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған санаттағы қылмыстардың болуының басты себебі тұрғындардың мүліктерін қараусыз қалдыруы.

    «Қазіргі таңда адамдарды алдап, сеніміне кіріп, оның мүлкіне қол сұғып, иемденіп алаяқтықпен айналысқан қылмыскерлер көбеюде. 10 айда 511 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 490 немесе 96 пайызы ашылған. Бұл қылмыстың ерекшелігі, жәбірленушінің алданып, мүлікті өз еркімен беруі. Қылмыскерлер пәтер, жер учаскесін, жеңілдетілген несие алып беремін, жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп жәбірленушінің ақшасын иемденіп алу тәсілдерін пайдаланады. Соңғы кезде ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты, аталған қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалуда», – деді облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов.

    Сондықтан, құқық қорғаушылар бейтаныс, толық-білмейтін, жеңіл табыс табуға уәде берген адамдарға сенімділік танытпауды ескертеді. Ең алдымен заң қызметкерлерінен қажетті кеңестер алып, сақтық шараларына ерекше назар аудару қажет.

    қатысты посттар

    КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

    Фариза

    Аймақ басшысы «Геопортал» ақпараттық жүйесін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Жамбыл қоймаларында аймақ тұрғындары тұтынатын көкөніс қоры жеткілікті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.