16 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында 10 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді

    Бүгінгі таңда Қызылорда облысы кітапханаларының кітап қоры 4 млн. 482 мың 22 дананы құрайды. Биылғы жылы кітап қоры 28 мың 442 дана жаңа кітаппен толықты. Аймақтағы кітапханалар жыл басынан бері 155 мың 64 оқырманға қызмет көрсетіп, 1 млн 780 мың 472 дана кітапты оқырман қолына ұстатқан.

    «Кітапхана қорларын цифрландыру» жобасы бойынша қор сақталымын қамтамасыз ету мақсатында облыс кітапханаларында 98 118 кітапты цифрлық форматқа көшіру жоспарланса, бүгінгі таңда оның 10 мың 638 сирек кітап (2411787 бет) пен өлкетану басылымдары көшірілді.

    Қазіргі таңда кітапханаларды тек кітапханалық қызмет көрсететін ғана емес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, заманауи қызмет түрін ұсынатын электронды кітап қоры мен электронды мәліметтер базасы жинақталған мәдени орынға айналдыру мақсатында өңіріміздің кітапханаларында 59 коворкинг орталықтары мен 60 ауылдық модельді кітапхана жұмыс жасайды.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысындағы бір бақта 13 түрлі алма өсіріледі

    Фариза

    Жаз-атаның тойы туған жерінде кеңінен аталып өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН КӨТЕРГЕНДЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.