Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Жалағашта 940 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.

    Жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 45 адам оқу курсынан өтті. Ал бағдарламаның екініші бағыты бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған 74 адамға 337,7 млн теңге көлемінде шағын несие берілді. Бүгінде несие алған азаматтардың 63-і өз кәсібін ашты. Нәтижесінде 75 жаңа жұмыс орны құрылды.

    Биыл ауданда «Бастау Бизнес» жобасы аясында 185 адам онлайн оқытуға жолданса, 117-і қаржылай қолдауға ие болды.

    Айта кетейік, ауданда жұмыссыздықты азайту мақсатында тиісті жұмыстар жасалып, жыл басынан бері 1363 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 940-ы тұрақты.

     

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕГІ «НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Қызылорда: Қармақшы ауданында биыл 36 шағын өндіріс орны іске қосылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 000 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.