Бүгінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымындағы мал шаруашылығының үлесіне шамамен 40% тиесілі. Осы ретте, шалғайдағы мал шаруашылығыдажақсы қарқынмен дамуда.
Бұл бағытты дамытудағы негізгі мәселе – шалғай жайылымдықтарды сумен қамтамасыз ету. Сондықтан, жайылымдық жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін, бірінші кезекте, облыста 2,5 мыңға жуық құдық, ұңғыма және басқа да суаратын нысандарға түгендеу жүргізілді. Түгендеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін, пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптарда 452 су көзі анықталды.Осы міндетті шеше отырып, өңір бүгінгі күні пайдаланылмайтын жайылымдық жердің 11 млн. гектарының шамамен 7-ін іске қосып, мал басын айтарлықтай арттыра алады.
Сонымен бірге, саланы дамыту мақсатында өңірде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 10 млрд.теңгеден асатын 33 жоба іске асырылуда, оның ішінде қуаты 8,4 мың тонна сүт-тауар фермасын, қуаты жылына 5 мың тонна ет комбинатын салу, қуаты жылына 130 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, пастерленген сүт өнімдерін өндіру және басқа да жобалар бар.
Бұл жобаларды іске асыру қайта өңделетін өнім көлемін, ІҚМ етін өндірудің жалпы көлемінің 25%-дан астамға және сүт өнімдерін өндіруді 18%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.