-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген миллиардтар қайда жұмсалды

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коронавируспен күреске елімізде қанша ақша жұмсалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Халықтың денсаулығына жауапты ұйымның мәліметіне сенсек, коронавируспен күреске 154 миллиард теңге кеткен. Қаражаттың дені дәрігерлердің жалақы үстіне қосылған үстемақысына, ПТР тесттерге, мобильді бригада жұмыстарына бөлінген.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» коронавируспен күреске 154 миллиард теңге бөлінді. Наурыз бен қыркүйек аралығында 135 миллиардын жұмсадық. Оның 81,3 миллиард теңгесі дәрігерлердің жалақысына қосылған үстемақыға, 24,5 миллиарды — індет өршігенде провизорлық және карантиндік стационарларда жатқандардың еміне, 18,8 миллиард теңге амбулаториялық жағдайда ем-дом алғандарға жұмсалды.

    Сондай-ақ, мобильді бригадаларға 1 миллиард теңге, ПТР тестілеуге — 10,7 миллиард және үйде емделгендердің жағдайын білу үшін қоңырау шалып, бейне кеңес берген дәрігерлерге 9 миллион теңге шығындалды», — деп түсіндірді қор өкілдері.

    154 миллиард теңгенің 135 миллиарды жұмсалғанымен, әлі 19 миллиард теңге бюджетте қалуы тиіс. Олар қайда? «Бәріне де қызықты сұрақ. Бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Сондықтан қанша қаражат қалса да, жұмсалынбайды. Ол қаражаттың бәрі соның еншісінде. Ол қажет болған кезде, бюджеттен бөлініп тұрады», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау департаменті басшысы.

    Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте коронавирустың келесі толқынымен күрес үшін 238 миллиард сұрады.

    «Бірінші карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу. Екінші тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 83,2 миллиард теңге. Үшінші ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге 11,7 миллиард теңге жұмсалады», — дейді Қаржы министрі.

    Демек, 238 миллиард теңгенің басым бөлігі дәрігерлер жалақысына, сосын карантин күшейсе, тәртіпті бақылайтын полицейлерге төленбек.

    Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болғанын жазған едік.

    Одан бөлек, елімізде карантин кезінде жасөспірімді зорлаушылар саны көбейгенін жазған болатынбыз.

    қатысты посттар

    Дезинфекция жасаушылар есепке арналған «әдемі» суретке әлек болып жүргенде, Қазақстанды коронавирустың ошағына айналдырып жібермек

    Фариза

    Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартты

    Фариза

    Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат — депутат

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.