«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында электрондық төлем жүйесін орнату жобасы іске асырылуда.
Аталған жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмін пайдалана отырып жасалуда.
Қазіргі уақытта жобаның Алматы қаласындағы «AlemPay» ЖШС жеке серіктесімен 600 дана жабдық (стационарлық валидаторлар мен терминалдар) сатып алынды, бүгінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 91 автобусында орнатылды.
Кондукторлар мен жүргізушілер терминалдарды пайдалану бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтті.
Бүгінгі күні жолаушылар онлайн режимде төлем жасауда, көлік карталары арқылы – 85 теңге (SMS, QR-код, мобильді қосымша арқылы – 80 теңге (кэшбэктер мен жеңілдіктер бар 10 теңгеге дейін), ал қолма-қол төлем кезінде – 90 теңге.