4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды

    Қызылорда облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзу, туыстарын жинап, той жасап жатқан азаматтар саны азаяр емес.

    Ағымдағы жылдың 05 шілдесінен бастап жарияланған карантин шектеулерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік мобильді топтармен оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бүгінгі күнге дейін 679 құқық бұзушылық анықталды.

    Оның ішінде кафе, мейрамханаларда 370 той жасаудың дерегі анықталса, компьтерлік клубтар, букмекерлік кеңселер тарапынан карантин талаптарын бұзудың 59 дерегі, шаштараздармен 8, дүкендер және базарлармен 72, демалыс орындарымен 4, санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген басқа 166 құқық бұзушылықтар анықталды.

    Мәселең,18 қазан күні сағат 18:14 шамасында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны туыстарын жинап «құдалық» жасағаны анықталды. Аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық) әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Шиелі аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

    Сонымен қатар, 16 қазан күні сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны «Бағдаулет» кафесінде той жасап жатқандығы анықталды. Аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық) әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Қазалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

    Одан бөлек, 16 қазан күні Қызылорда қаласындағы «Айгейм» және «Энерджи» компьтерлік клубтарын тексеру кезінде де дәл осындай құқық бұзушылықтар анықталды.

     

    қатысты посттар

    Құрбан айттың бірінші күнінде Шымкент қаласы бойынша 300 мал шалынды

    Фариза

    Шымкентте жедел жәрдем көрсету станциясының «CALL» орталығы жаңғыртылды

    Фариза

    Қордайда екі мектеп, бірнеше баспана ел игілігіне берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.