17 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжайқұрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. 

    Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орныжылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда зауыттан 100 гектардан астам өнеркәсіптік жылыжайларкешендерін іске асыруға жабдықтар сатылған.

    Сонымен бірге, қала әкімі Оңтүстік Кореялық технологиямен полиэтилен пленкасын (үлбір) және пластик бұйымдарын өндірумен айналысатын  «АК ОрдасыПластик» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Айта өту керек, бұл – жылыжай шаруашылықтары үшін ені 12 метрлік үш қабатты пленка (үлбір) шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып табылады. 

    Бұл жобаның құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Зауыттәулігіне үш қабатты жылыжайға арналған 25 тонна пленка және 5 тонна бақша пленкаларын (қалыңдығы 10 микроннан 300 микронға дейін)  өндіреді. Зауыт әртүрлі салаларға арналған пленкалардың (үлбірлердің) түрлерін шығарады. Атап айтқанда, жылыжай пленкасы, құрылыс полиэтилен пленкасы, гидроизоляцияға арналған пленка, шөгілетін пленка және стрейтч пленкалары.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Отбасы және гендерлік саясаты мәселесі онлайн — кеңесте талқыланды

    Фариза

    Г.Әбдіқалықова: Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар қауіпсіздігі сақталуы тиіс

    Фариза

    Жуалыда сүт кластерін дамыту жолға қойылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.