11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында 12 мыңнан аса зейнеткердің зейнетақысы үйге дейін жеткізілді

    Қызылорда облысында пошта қызметі арқылы зейнетақы мен түрлі әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың қатары жыл санап артып келеді. Аймақта Қазпошта АҚ филиалы бойынша халыққа 189 байланыс бөлімшесі қызмет көрсетеді.

    Оның ішінде 18 бөлімше Қызылорда қаласында. Халыққа түрлі қызмет етіп, жөнелтілімдер мен онлайн қызметтерді 700 қызметкер атқарады. Олардың басым бөлігі, яғни 225 хат тасушы қызметтерінде.

    Бүгінгі күні Қазпошта қызметін зейнеткерлер белсенді түрде пайдалануда. Жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша 22,1 млрд.теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленген. Карантиндік шектеулерге байланысты пошта қызметі зейнеткерлердің зейнетақысын үйге дейін жеткізіп беру қызметін қосты. Аймақта 12280 зейнеткер мұндай қызмет түріне қол жеткізді.

    Карантин уақытында төленген 42500 теңге әлеуметік жәрдемақы алу үшін Қазпошта арқылы 33 588 шот ашылған. Сондай-ақ, қала маңындағы елді-мекен тұрғындарына мобильді қызмет көрсетілген.

    қатысты посттар

    Жуалы ауданында сегіз жылыжай ашылады

    Фариза

    Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

    Фариза

    Шымкент: Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың мәселесі шешімін тауып келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.