15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жаңақорған аудандық ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Жаңақорған аудандық ауруханасы тағы бір аппаратпен толықты.

    «КазГерМұнай» ЖШС БК компаниясының бас директоры Мұрат Мұстафаев аудандық ауруханаға Италияда жасалған 13 млн 925 мың теңге тұратын МАК жылжымалы рентген қондырғысын гуманитарлық көмек ретінде табыстады.

    Табыстау шарасына Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова қатысты.

    Қазіргі таңда сұраныстағы қондырғы науқастар дертін дөп басуға көмектесетін болады.

    Сондай-ақ, жаңақорғандық жеке кәсіпкер Нұрлыбек Закиров өз қаражаты есебінен ауруханаға оттегі концентратын сыйға тартты.

    Жалпы, ауруханаға гуманитарлық көмек ретінде жыл басынан бері 2 дана ИВЛ аппараты, 53 дана оттегі концентраты, 10 дана пульсоксиметр құрылғысы және 1 жедел жәрдем берілген еді. Бұл құрылғылардың пандемия кезеңінде халыққа тигізген көмегі көп болды.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қазалылық тұрғын мемлекеттік бағдарлама аясында 500 бас қой сатып алды

    Фариза

    Қызылордалық 13 түлекке әкім гранты тағайындалды

    Фариза

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікте

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.