-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында 800-ге жуық азамат әскерге аттанады

    Күзгі науқанда Қызылорда гарнизонынан 800-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке аттанбақ. Дәл бүгінгі күнге дейін 120 жас әскер қатарына аттанып үлгерген.

    Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде күзгі шақыру ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде басталды. Әскерге шақыру науқаны осы жылдың 29 желтоқсанында, яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке келген кезде аяқталады.

    Жалпы еліміз бойынша күзгі шақырылымда 17 мыңнан астам азамат әскерге алынады. Жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларды таңдау барысында алған мамандығы мен денсаулығы ескеріледі.

    Психологиялық тұрғыдан төзімді, физикалық дайындығы жақсы жастар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ұлттық Ұланына аттанады.

    «Жастарды әскери бөлімдерге жіберместен бұрын ПТР-тест әдісі арқылы коронавирусқа қарсы зертханалық тексеріс жүргізіледі. Бөлімде жас сарбаздар екі апталық карантинде болады. Онда әскерге шақырылушының психологиялық-әлеуметтік жағдайы анықталып, медициналық тексеру жүргізіледі», – дейді Қызылорда облысы ҚІЖД бастығының орынбасары Дмитрий Жерегя.

    Соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны анағұрлым артқан. Кәсібі және жоғары білімі бар азаматтар жақсы нәтижелер көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Басқарма басшысы ардагер журналистерді арнайы барып құттықтады

    Фариза

    Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

    Фариза

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.