11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен кездесті

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұловпен кездесті.

    Кездесуде пандемияның жаңа толқыны басталған кезде өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Облыс әкімі әскери қызметшілердің коронавируспен күреске қосқан үлесін атап өтті. Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімі ағымдағы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында облыс көлемінде әкімдіктер, құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық орындарда дизенфекция жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қала, аудан және ауыларалық блокбекеттерде күні-түні қызмет көрсетті. Бұл шараларға бөлім тарапынан әскери қызмкеткерлермен қатар қажетті әскери техникалар тартылған.

    Г. Әбдіқалықова жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен оны жалғастыру қажеттігін атап өтті.

    Айта кету керек, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2000 жылы құрылған. Бұл Қазақстан Республикасы қарулы күштеріндегі ең ірі құрама болып саналады. Басты міндеті – еліміздің оңтүстік шептерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал, Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлім 2015 жылдың сәуір айында құрылған. Өңірде ұйымдастырылған әскери дайындық, оқу-жаттығу және практикалық шараларға ат салысып келеді.

    қатысты посттар

    Қолөнер шеберінің еңбегі

    ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

    Фариза

    Қызылорда облысында туризм саласында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.