-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда теміржол вокзалындағы санитарлық жағдай бақылауда

    Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары жүруде. Қазір Сыр елінің теміржол вокзалындағы санитарлық талапты «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ қадағалауда.

    «Халық көп шоғырланатын орын теміржол вокзалы аумағында профилактикалық іс-шараларды күшейту жұмыстарына бақылау жүргізілді. Яғни, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы, вокзал қызметкерлерінің бептерде тағуы және антисептик құралдарының жеткіліктілігі тексерілді. Теміржол вокзалына бетпердесіз келген жолаушыларға ескерту жасалды. Мониторингтік топ мүшелері 30-ға жуық тексеру жұмыстарын жүргізді», – деді «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева.

    Қазір облыс аумағынан 5 жұп пойыз жүріп тұр. Қалған пойыздар пандемияға байланысты уақытша тоқтатылды.

    «Індеттің алдын алу мақсатында теміржол ғимаратына дезинфекция жасалып, вокзалға дене қызуын өлшегіш және антисептик құралдары орнатылды. Сондай-ақ, теміржолға келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліз ұйымдастырылды», – деді вокзал директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов.

    Вокзал қызметкерлеріне 7300 дана маска, 1000 дана қолғап, 190 литр антисептик, 20 килограмм хлор, 95 литр белизна, 1300 дана иіс сабын, 980 дана кір сабын алынған.

    қатысты посттар

    Қызылордада сәуір айынан бері қызылша ауруының дерегі тіркелмеген

    Фариза

    Қызылорда: Сырдария ауданында соңғы 2 науқас емделіп шықты

    Фариза

    ҚР СІМ Украинадан азаматтарды эвакуациялау мәселесін қарастырып жатыр

    Фариза