Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топпен бірге аудан аумағында орналасқан мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында білім беру орталықтарында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, ауданда орналасқан тойханаларға рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде «Кездесу» тойханасына карантин талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

    Фариза

    Қызылордада емханалар жанынан бастапқы денсаулық орталығы ашылды

    Фариза

    Қызылорда: «Бастау» жобасын онлайн оқыған қызылордалықтар өз кәсіптерін ашып жатыр

    Фариза