19 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Шиелідегі күріш диірмендерінің жұмысы жандануда

    Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков аудандағы күріш диірмендерін аралады.

    Өңірдегі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыру үшін қолға алынған, Шиелі кентіндегі ЖК «Досжан» күріш ақтау зауытына барып, өндірістің жұмысымен танысты. Тәулігіне 50 тоннадан астам өнім өндіретін зауыт 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

    «Досжан» күріш ақтау зауытында күріш жармасын өңдеумен қатар, оны сату да жолға қойылған. Өнімнің негізгі тұтынушылары облыс, аудан тұрғындары болғанымен, 2020 жылы Қырғыстан Республикасына 80 тонна ақкүріш экспортталған.

    Қазіргі таңда жобаның аясын кеңейту мақсатында қаржы ұйымдарынан несие қаражатын алуға құжаттар жинақталып, жұмысшылардың да санын көбейту жоспарлануда.

    Жалпы Шиелі ауданы бойынша 14 күріш ақтау диірмені қарқынды жұмыс жүргізуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Төретамдық жастар енді стритболмен айналысады

    Фариза

    Әлемдегі ең бай адамдар тізімі Қазақстанның тағы үш олигархымен толықты

    Фариза

    “Құран осы шынымен мұсылмандарға түскен бе, бүкіл жауыздық мұсылман елінде болып жатқан сияқты”