11.1 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ҚАРАТАУ АУДАНЫ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

    «Ерте қамданған қапы қалмайды» деген. Шымкентте қысқы жылыту маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Азат» шағынауданы, «Қайнарбұлақ» саяжайындағы жеке сектор тұрғындарының қысқы маусымға дайындығын пысықтады.

    Аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімдігі тұрғындарға сақтық шараларына назар аудару қажеттігін ескертеді.

    Аудан аумағында жылу маусымы кезінде түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде атқарылады. Бүгінде аудан аумағындағы көп қабатты үйлерде 370 газосигнализатор құрылғысы орнатылды.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    Жамбылдықтар жарады

    Фариза

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Арыс қаласындағы Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті