15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЛИФТІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты.
    Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

    Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы
    «Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін «DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады.
    Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

    Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданында тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынуда

    Фариза

    Жамбылда экономиканың барлық саласында оң динамика сақталды

    Фариза

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында

    Фариза