13 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МӘРТӨБЕ ТАРИХИ КЕШЕНІНДЕ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА ЖОЛДАУ ЖАЗЫЛҒАН КАПСУЛА САЛЫНДЫ

    Бүгін Шымкент қаласындағы Мәртөбе тарихи кешеніндекелешек ұрпаққа жолдау жазылған капсула қаланды.  Шараға қала әкімі М.Әйтенов, Шымкент қалалық сотыныңтөрағасы Е.Рахимбеков, Шымкент қалалық мәслихатыныңхатшысы Ғ.Ташқараев қатысты.

    Жиында сөз алған қала басшысы бүгінгі іс-шараныңмаңыздылығына тоқталып, Мәртөбе  — ел тарихындаайрықша мәнге ие тарихи орын екенін айтты.

    «Мәртөбе  — елдігіміздің мәртебесін, бірлігіміздің берекесінайшықтаған жер. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентініңкелелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» сүйене отырыптарихта ізі қалған маңызды шешімдер қабылданған. Қазақтарихы қашанда бірігу тарихы болғанын білеміз. Ішкібірлігімізді бекемдеген, елдігіміздің еңсесін көтергенмұндай қасиетті орындар ел жадында мәңгі сақталмақ»,-деді М.Әйтенов.

    Сот қызметкерлерінің келешек ұрпаққа қалдырғанжолдауында 14-15 ғасырлардан бастау алған қазақ елініңзаңнама тарихы мен егеменді еліміздің бүгінгі Заң үстемдігібаяндалған. 

    АНЫҚТАМА: Мәртөбе  кешені Шымкент қаласыныңҚаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабынанҚарамұрт ауылына қарай шыға беріс жолдың сол жақбетінде орналасқан. Бұл төбе ҮІІ-ХІІ ғасырлардағықалашықтың орны. 20*30м өлшемді цитадель. Биіктігі 6-7м, төбесі — тегіс. 

    Мұнда ХҮІІ ғасырда билік басына келген Есім ханнанбастап, ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан тұсына дейін алтыалаштың баласы бас қосып, билер кеңес құрған. «Есімханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» да осы маңдаталқыға түсіп, жарияланған. «Жеті жарғыны» қабылдарсәтте қазақтың атақты би-шешендерінен 12 би, олардыңқатарында Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерденөзге Жайма, Сасық, Көкім билер да қатысқан. Мәртөбеніңұлы дала парламенті аталуы осыдан. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте көлік кептелісін болдырмау мақсатында бірнеше жоба әзірленген

    Фариза

    ШҚО Алтай өңіріндегі перзентхана әлемдік стандарттарға сай болмақ

    Қызылордада 188 жоба қаржыландырылды

    Фариза