-3.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қаланың геопорталы дайындалып жатыр

    Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары МауленАйманбетов өзінің инстаграмдағы парақшасындажариялады. 

    Шымкент қаласының геопорталы – қалада орналасқан әрбірнысан туралы толық ақпарат жинақталатын арнайы сайт болады дейді. 

    Аталған порталды кезең кезеңімен іске қосу жоспарланыпотыр. Жыл соңына дейін 1 кезең іске қосылады депкүтілуде. Онда жер қатынастары саласындағы көрсетілетінмемлкеттік қызметтердің барлығы енгізіліп, толығыменавтоматтандырылады. Яғни қаланың Бас жоспары, жергеқатысты ақпараттар, мекенжай анықтамасы қосылады. 

    Жалпы  портал — қала аумағындағы нысандар мен процестертуралы шынайы және өзекті ақпаратты жедел алуғамүмкіндік береді. Жоба аясында сәулет және жерқатынастары саласында кәсіпкерлік бағытындағыпроцестерді автоматтандыру, қызмет көрсету сапасынжоғарылату және мерзімін қысқарту жоспарлануда.

    Атап айтқанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жәнеинженерлік коммуникацияларға қосылуға арналғантехникалық шарттарды алу, оларды келісу және құжаттардыберу секілді процестерін геоақпараттық сервис арқылыавтоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

    Сервис арқылы кез келген қала тұрғыны (инвесторлар, кәсіпкерлер және т. б.) жер учаскесі туралы, оныңкадастрлық құны, кепілдік жарнасы, жер учаскесініңорналасқан жері және өзге де ақпаратты көре алатындайетіп әзірленеді.

    Сондай-ақ, нысанның орналасуы және сол аумақтың даму бағытын көру арқылы кәсіпкерлер өз кәсібін қандайкөлемде жүргізу керектігін бағамдай алуына мүмкіндік бар. Одан өзге, кәсіпкер немесе инвестордың техникалықшарттарды дайындау және келісу кезеңдерінде өз өтінішінбақылай алады.

    Кәсіпкерлерді қолдауды оңтайландыру мақсатында газбенжабдықтау, электр және сумен жабдықтау, жылу жүйесінеқосу, байланыс және телекоммуникация желілеріне қосуғаарналған техникалық шарттарды алу процестері жәнеоларды келісу, сервис арқылы «техникалық шарттар» құжатын беру толығымен автоматтандырылады дейдіпорталды дайындаушы мамандар.

    Аталған жоба ашықтық негізінде жасалады. Техникалықшарттарды алудың мерзімдерін қысқартады, ведомствоаралық келісу процесін жеңілдетеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ 189 ОРАМДАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН БІР АЙДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

    Фариза

    ШҚО Алтай өңіріндегі перзентхана әлемдік стандарттарға сай болмақ

    Пікір қалдыру

    fifteen − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.