Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада игерусіз жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды

    Қызылорда облысында соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 20533 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жерді жалға алып, мақсатты пайданбаған учаске иелерімен шарт біржақты бұзылды.

    «Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы 46,308 гектарды құрайтын жер учаскесіне бақылау шарасы жүргізілді. 52 құқық бұзушылық деректері анықталды. 21 дерек бойынша 4192,33 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 3 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Президент Жолдауда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын ашып көрсетті. Ол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді әрі мақсатты пайдалануымыз қажет», – дейді бұл туралы облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

    Облыста мақсатты қолданылмай тұрған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасатын болады.

    қатысты посттар

    Қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

    Фариза

    Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту қызметтері жандануда

    Фариза

    Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.