-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласының шаруа қауымы ұсынған дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңке жыл сайын қала күні мерекесіне орай облыс орталығында ұйымдастырылуда.

    Биылғы жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен аудандардың тауарөндірушілері 265,6 млн. теңге құрайтын 414 көлікпен жалпы 1 555 тонна тауарларын ұсынуда. Оның ішінде түрлі көкөніс, жеміс, күріш, ет, балық және сүт өнімдері бар. Ауылшаруашылығы өнімдері қала әкімдігінің белгілеген орындарында сатылуда.

    Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру жағдайларын бақылауға алуды және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауды тапсырды.

    «Шаруалар, диқандар ерте көктемнен бастап еңбек етіп, бүгін өнімдерін ұсынуда. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесі тұрғындар асыға күтетін үлкен мереке. Негізсіз баға көтеру жағдайларыорын алмау керек. Санитарлық талаптар қатаң сақталсын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Айта кету керек, облыс орталығында жәрмеңке 1 желтоқсанға дейін ұйымдастырылатын болады. Әр сенбі күні екі аудан өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынады деп жоспарлануда.

    Жалпы ағымдағы жылы Қызылорда облысы аграрлық саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

    Егіс көлемі 1,1 мың гектарға артып, 184,2 мың гектарды құрады. Барлық дәнді дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөніс, басқа 17,6 мың гектарды құраса, негізгі дақыл күріштің көлемі 89,5 мың гектарды құрады.

    Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері қазіргі таңда әлемнің 17 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 92,4 пайызы облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркменстан және Ирак мемлекеттеріне шығарылуда.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егін шаруашылығы жағдайы мен суармалы су жеткізу мәселесі бақылауда

    Фариза

    Қызылорда: 96 шалғай ауылда жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

    Фариза

    Қызылорда облысындағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.