8 C
Алматы
Четверг, 26 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді

    Сенбі күні яғни, 26-шы қыркүйекте Қызылорда қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жеті аудан мен қаладағы шаруалар 1 555 тонна әкеліп, нарық бағасынан арзан бағада сатады.

    «Біз «Егіс алаңынан сөреге дейін» қағидаты бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз сата алатын болады. Көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрлері әкелінеді. Аудандарға орындарын бөліп бердік. Барлық санитарлық талаптарды сақтап ұйымдастыратын боламыз», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

    Айта кетейік, облыстағы барлық аудан мен қаладан 414 көлікпен 265,6 миллион теңгенің өнімі әкелінеді.

    қатысты посттар

    «Жануарлар қар жеп жүр» — Африкада қар жауып, боран соқты (видео)

    Қызылорда: Гүлшара Әбдіқалықова праймериз қатысушыларымен кездесті

    Фариза

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.