37.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰС ТҰМАУЫ» АУРУЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

    Еліміздің солтүстік, орталық өңірлерінде құс тұмауы ауруы жаппай тіркелуде. Осыған орай, Шымкент қаласында аталған аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сонымен бірге, жеке ауласында үй құстарын ұстайтын тұрғындардың құстарының санын қайта нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары және басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 76 ветеринариялық дәрігері жұмылдырылды.

    Құс тұмауы – үй құстарының, синантропты және жабайы құстардың эпизоотия немесе энзоотия түрінде өтетін, респираторлық органдар мен асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен, жалпы әлсіреуімен, өнімділіктің төмендеуімен сипатталатын жоғары зардапты ауру.

    Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.

    ЕСКЕРТПЕ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

    Байланыс телефондары:

    Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

    24-75-37, 24-75-18.

    «Ветеринариялыққызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы артып келеді

    Фариза

    Өңірдегі ет экспорты артып келеді (видео)

    Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.