Понедельник, 9 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: «Сыр Ана» алаңы қайта жаңғыртылды

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы қайта жаңғыртудан өткен «Сыр Ана» алаңының жұмысымен танысты. Абаттандыру жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС жүргізген. Алаңда жаяу жүргіншілер жолы, спорттық-ойын алаңы және 2 су бұрқақ орналастырылған.

    Айта кетейік, «Сыр-Ана» монументі – Қызылорда өңірінің тарихи ерекшеліктерін айшықтайтын Сырдария өзенінің жағасында орналасқан монумент.

    Монументтің биіктігі – 39 метр. Ескерткіш пішіні биіктеген сайын өз діңгегінің айналасында оралып, әсем бейне қалыптастырады. Жоғарғы жағы қазақ әйелінің бейнесін айшықтайтын сәукелеге ұқсас жасалған. Сәукеле бейнесіндегі мұнара басын жайғалған күріш бейнесіндегі бөлшек аяқтайды. Қызылорда облысы Қазақ елін күрішпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, күріш – Қызылорда облысының белгісі. Монументтің самал желмен бұйраланған етегі Сырдарияның бұйра толқындарын бейнелейді. Сырдария өзені облыс шаруашылығында маңызды рөл ойнайды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордада 600 орындық жаңа мектептің кірпішін қалады

    Фариза

    Қазақ қызы Францияда қала әкімі болып тағайындалды

    Фариза

    Ішкі істер министрлігі Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.