16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында ауыз су сервистік желіге қосылады

    Қазалы ауданындағы іргелі елді мекендердің бірі – Бекарыстан би ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр7

    Бүгінгі күні елді мекендегі ауыз суды сервистік желіге қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевтың айтуынша, жобада барлығы 19,3 шақырым полиэтиленді құбырларын жүргізу және 153 дана көру құдықтарын орнату қаралған. Бас мердігер «Намыс Құрылыс» ЖШС жергілікті жерден 8 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғанда елді мекенде 464 тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

    Қазіргі таңда Бекарыстан би ауылында 17,7 шақырым ауыз су желілері тартылып, 92 дана темірбетон құдықтар монтаждалып, орнатылды. 430 тұрғын үйге және 3 мекемеге сервистік құбыр жүргізілді.

    Келісім-шарт бойынша ауылдағы ауыз суды сервистік желіге қосу желтоқсан айында тапсырылуы қажет. Алайда серіктестік жұмысшылары құрылысты қарқынды жүргізуіне байланысты қазан айының алғашқы он күндігінде жұмыс толық аяқталады деп жоспарлануда.

    қатысты посттар

    “Кешір, Алла” Алапат өрттен жанбай қалған Құран суреті жұртты таң қалдырды

    Полиция Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жол тартқан Лұқпан Ахмедияровты жарты жолда ұстады

    Фариза

    Доллар көтерілген сайын азық-түлік бағасы да қымбаттауда.

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.