-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада 102 шақырым жаяу жүргінші жолы салынып жатыр

    Қызылорда қаласының шет аймақтары мен ауылдық округтерінде барлығы 260 жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала аумағындағы 111 көшеге, кент және ауылдық округтердегі 32 көшеге орташа жол жөндеу, яғни асфальт салынса, 50 көшеге қиыршық тас төселеді.

    Ұзындығы 0,7 шақырым болатын Желтоқсан көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықты қамтитын Ергешбаев көшесін «Қызылорда жолдары» мекемесі асфальт төсеп, жоба-сметалық құжаттардағы талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуде.

    Бұдан бөлек, қала тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі – көше бойларын жаяу жүргіншілер жолдарымен қамту болатын. Аталған мәселе бүгінде өз шешімін тапты. Мәселен, биыл 102 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып жатыр.

    Айта кетейік, жоғарыда атап өткен жұмыстарға 1 мың 700 жұмысшы тартылған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында коронавирустық инфекциямен күреске 30 ұйым тартылды

    Фариза

    Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚАШЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.