-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр өңірінде бизнес түрін қайта бағыттаушылар саны көбеюде

    Сыр өңірінде бизнес түрін қайта бағыттаушылар саны көбейуде. Солардың бірі Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Шраева Алтынкул тойхана қызметін өндіріс орнына қайта бағыттады.

    Кәсіпкер 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 40,0 млн. теңге несие алып, «Мирас» тойханасын ашқан.

    Алайда, еліміздегі жарияланған COVID-19 пандемиясына байланысты тойхананың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Алтынкүл де көптеген басқа кәсіпкерлер сияқты, өз бизнесін жаңа бастауға тура келді. Ол бизнесті өзекті арнаға және өте қажетті өндіріске бағыттау туралы шешім қабылдады.

    Қазіргі таңда, жеке кәсіпкер тойхана бизнесін өндіріске бағыттау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 20,0 млн. теңге несие алып жұмыс жасауда. Кәсіпорын құрылыс заттарын өндірумен айналысуда. Кәсіпкер табысты бизнес құрып қана қоймай, 7 адамды жұмыспен қамтып отыр.

    қатысты посттар

    Университеттің білдей факультет деканы ақшаны алып, тығылып жүр.

    Ғабидолла Әбдірахымов: Мен өлген жоқпын ғой!

    Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.