-6.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі

    19-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Аталған шара «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында, яғни Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында болады. Жәрмеңке ашық алаңда карантиндік ережелерді сақтай отырып ұйымдастырылмақ.

    Елордадағы атаулы шараға Сыр елінің өнімдері тиелген 25 жүк көлігі барады. Атап айтсақ: балық және балық өнімдер – 25 тонна, күріш – 146 тонна, қауын-қарбыз – 96 тонна, асқабақ – 28 тонна, көкөніс, жемістер – 18 тонна, сүт өнімдері, шұбат, бал, тары, талқан – 10 тонна. Сондай-ақ Қызылорданың брендіне баланған балықты Арал мен Қазалы ауданындағы арнайы сервистік-дайындау орталықтары жеткізетін болады.

    Ал сүт өнімдерін, басқа да тез бұзылатын тауарларды апаруға рефрижератор автокөліктер даярланған.

    қатысты посттар

    «Волонтер жылы» 2020 жылы Қазақстанда қандай өзгерістер болмақ

    У ішіп қойған. Әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті тарады

    Фариза

    Жалағашта күріш ақтау цехының құрылысы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.