-4.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада сәуір айынан бері қызылша ауруының дерегі тіркелмеген

    Қызылорда облысында жыл басынан бері қызылша диагнозына күдікті 191 жағдай тіркеліп, оның 110-ы зертханалық жолмен нақтыланды. Ауруғашалдыққандардың басым көпшілігін 14 жасқа дейінгібалалар құрайды. Ал а.ж. сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін қызылша ауруының облыс бойынша бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда   3,7 есеге немесе 302 жағдайға төмен. 

    «2019 жылы қызылша ауруы бойынша облыстаэпидемиологиялық ахуал күрделі болды — 535 ауру тіркелдіАурушаңдықтың ең көп таралуы ақпан, наурыз және сәуір айларына сәйкес келді», — деп хабарлайды Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары.

    Өткен жылы тіркелген 535 жағдайдың ішінде қызылшаға қарсы екпе алмағандар саны 336 болса, биылғы жылы 110 науқастың 69-ы белгілі себептерге байланысты егілмеген. Оның ішінде жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартқандар-17, медициналық шегіністерге байланысты-24 және егу жасына жетпеуіне байланысты 28адам егілмеген, ал 14 адамның егу статусы белгісіз. 

    Бүгінгі күні коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар, атап айтқанда, оқшаулану, шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу, вирусқа қарсы ем-шара қолдану, бетперде киюді міндеттеу, балабақшалар мен мектептерге қатысты шектеу шаралары қызылша ауруы бойынша эпид ахуалдың тұрақтануына оң әсерін тигізді. Себебі қызылша да COVID-19 вирусы секілді ауа тамшылары арқылы таралады. 

    Қызылша ауруы адамдар арасында өкпенің жедел қабынуы, құлақтың естімей қалуы, көздің  көрмей қалуы, мидың жедел қабынуы секілді асқынуларымен қауіпті. 

    Бұл аурудан  сақтанудың  ең тиімді жолы  –  қызылшаға қарсы профилактикалық екпе жасату болып табылады.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылша ауруына қарсы екпе құрама вакцина арқылы, яғни қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы бір екпе қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

    Осы орайда  азаматтарды  қызылша ауруына қарсы вакцина қабылдап, аурудан қорғануға шақырамыз!

    қатысты посттар

    Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

    Фариза

    Білім кəсіподағы Қыздар университетінің бір топ қызметкерін медальдармен марапаттады

    Сырдариялық шаруа алғашқы егінінен мол өнім жинауға үмітті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.