-0.1 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Демократиялық құндылықтарды бекітіп, құқықтық тұғырымызды берік орнықтырып берген ата заңымызды әрқашан да қастерлеу, құрметтеу, оны насихаттау басты парызымыз.

    2020 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай облыс әкімдігінде жиын болып өтті.

    Шараға аймақтың дамуына үлкен үлес қосып, Ата Заңымыздың орнығуына, ел тұрақтылығын сақтауға зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, ел белсенділері, еңбек ардагерлері, ішкі саясат, мәдениет, спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
    Облыс әкімінің орынбасары Серик Ахмет мерекелік жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

    Еңбек ардагерлері Сайлаубай Әбішов, Алмагүл Божанова, Жахай Бодықбаев, «Инициативаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мадина Төлепова, «Қарлығаш» шеберлер оралығының төрайымы Қарлығаш Ілиясова, Облыстық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы Сәбит Әбіш, Қызылорда телеарнасының шеф-редакторы Мөлдір Құлмырзаева, «Ақпарат-kz» газетінің бас редакторы Бибайша Алпысбаева, «Хабар» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Әлібек Байшуленов, Республикалық «Егемен-Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова, жырау, өнертанушы, мәдениет саласының ардагері Жұмабек Аққұлов, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы Мұхит Әбдікәрімов, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі Шынберген Тілеулесов, спорт саласының ардагерлері Құрманкүл Даткабекова, Аманжол Оңғарбаев, «№ 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ-нің директоры Серік Алмағамбетов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында кен орындары барланады

    Фариза

    Елордада Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

    Фариза

    Қазақстандық киік қорғаушылар: адамзатты алаңдатқан ақбөкен мен инспекторлар тағдыры (ФОТО)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.