-4.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Қызылорда облысында 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған. Құны 16,5 миллион АҚШ доллары болатын күріш, балық, бидай, қамыс және ұнның 99,6%-і өңделген күйде шетелге сатылды.

    Арал мен Қазалы аудандарының еңбеккерлері алғаш рет Германияға қамыс, Өзбекстанға ұн жөнелтілді.Теңіз маржанын сүзген жұрт жарты жылда 3 мың тоннаға жуық балық аулап, 2700 тоннадайын экспорттап үлгерді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 21%-ке көп. Жалпы бүгінде Аралдан 18 түрлі балық аулап, терең өңдейтін 9 зауыт жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна шамасында. Сырбойылық 4 өндіріс ошағының еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын сертификаты бар. Аймақта Арал теңізінен бөлек, 207 көлден балық ауланады. Осы ретте облыста тауарлы балық шаруашылықтарының санын арттыру жоспарланып отыр.

    «Аралдың балық өнімдері Ресей, Қытай, Германия, Польша, Нидерланд, Грузия, Литва елдеріне нарыққа шығарылуда», – деді облыстық табиғи ресрустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.

    Облыс бойынша 10 көл тауарлы балық өсіретін шаруашылықтар жұмыс жасауда. Өткен жылы осы шаруашылықтармен 143 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды. Аймақтың балық өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай тауарлы балық өнімдерінің көлемін 2200 тоннаға жеткізу жоспарлануда.

    «Одан бөлек, 6 айлықпен алдын ала есепке алып отырмыз. 1 шілдеде тағы қосымша облыстан көкөніс, бақша өнімдері, қарбыз дақылы, мақсары майы өнімдері шығарылды», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов.

    қатысты посттар

    Әлия Назарбаева «Томирис» фильмінің сценариі үшін 300 миллион теңге алған

    Фариза

    Тоғжанов: қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан курсанттардың отбасыларына баспана беріледі

    Фариза

    «Мен көргендердің ең үлкені – 84 жастағы кейуана…» этникалық қазақ Сайрагүл лагерьдегі сұмдықтар жайлы айтып берді

    Пікір қалдыру

    nineteen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.