-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды

    Қызылорда облысындағы 300-ге жуық кәсіпкерге мүлік салығынан жеңілдік берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов мәлімдеді.

    «Карантин кезінде қоғамдық тамақтану орны, қонақ үй және ірі сауда объектілері, ойын-сауық орталығы, театр, көрме залдары, спорт құрылыс жайларының объектілеріне салық төлеушілер «0»-дік коэффициент қолданады. Яғни аталған объектілер бойынша мүлік салығы есептелмейді. Сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшеріне де «0» түзету коэффициенті енгізілді, яғни 31-желтоқсанға дейін есептелетін жеке табыс салығының мөлшері «0» коэфициентімен есептеліп, аталған салық түрінен босатылады. Бұған қоса, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға 1-қазанға дейін жеңілдік берілді», – деді Ғалымжан Қалдыкөзұлы.

    Сонымен қатар, еңбек ақы төлеу қорынан ұсталатын төлемдерге де жеңілдіктер қарастырылған.

    «Жұмыс беруші жұмыскеріне есептелетін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылды. Яғни, микро, шағын, орта бизнес субьектілерінің аударуға тиіс жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерін 1 қазанға дейін төлемейді», – деді департамент басшысы.

    Оның айтуынша, арнаулы салық режимін қолданатын, яғни оңайлатылған салық декларациясымен патент бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер 3 жыл мерзімге салық төлеуден босатылғанын айтты. Бірақ салық есептілігінде тапқан табыстарын толық көрсетіп, тиісті құжаттарын мерзімінде өткізіп, есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын 0-дік көрсеткішке түзей алады.

    қатысты посттар

    Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Денсаулық сақтау вице-министрі журналистерге жауап бере алмады — Смайылов

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.