-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Бесарық ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтті

    Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылы үлгілі ауылдар қатарына қосылған.

    Ауылдағы әлеуметтік нысандар жаңаланып, жолдар жөнделу үстінде. Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бесарық елді мекеніндегі №147 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде.

    Осы құрылыс жұмыстарының барысымен Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов танысты.

    Күрделі жөндеуге тапсырыс беруші – аудандық білім бөлімі. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «ДаренСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Жобаға 92280,0 мың теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 30 қыркүйекте аяқталып, білім ордасы пайдалануға беріледі. Мұнда аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылуда.

    Қазіргі таңда мектептің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сыныптардың есік-терезелері жаңаланып, еден сырлану үстінде. Аудан басшысына күрделі жөндеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды «ДаренСтройСервис» ЖШС өкілі Руслан Сейітмұратов атап көрсетті.

    «Жоба бойынша мектептің шатырын, есіктері мен терезелерін жаңартып, электр құрылғыларын қайта орнатудамыз және әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен ерте тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біз жобадан бөлек өз қаражатымыз есебінен мектепке кіргендегі ұзын дәлізді, мектеп сыртын әрлеп береміз. Оған қоса, білім ошағының ішіндегі екінші қабатқа көтерілетін 4 баспалдақты кафельдеп, жаңарту жоспарымызда бар. Одан бөлек, қазіргі жағдайға байланысты мектеп оқушыларының білім алуы үшін 10 планшет алып бергелі отырмыз», – деді Бесарықтың тумасы Р.Сейітмұратов.

    Жергілікті мектепке жанашырлық танытып, туған жерге қызмет көрсетіп жатқан мердігер мекеме өкіліне аудан басшысы ризашылық білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Айта кету керек, қашықтан білім алатын мектеп оқушыларын қажетті құрылғымен қамту мақсатында «Абай-Дәулет» ЖШС 20 планшет алып бермек.

    Белгілі меценат Мұрат Сәрсенбаев басқаратын ұжым аудандық білім бөлімі арқылы сырдариялық оқушыларға 10 планшет және Бесарық ауылының білім алушыларына 10 планшет үлестіру көзделген. Нәтижесінде, қамқор азаматтардың жанашырлығымен жаңа оқу жылында 30 оқушы электронды құрылғымен қамтамасыз етіледі.

    Үлгілі ауылдың жол мәселесі реттілігімен шешімін тауып, бүгінде біраз жұмыстар атқарылды. Оның ішінде, ауылға кіреберіс жол қайта жаңғыртылды. Оған қоса, «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0-8, 13,5-18 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, қазір Қоғалыкөл мен Бесарық тұрғындарының сыртқа қатынайтын жолы теп-тегіс болды. Жолдың құрылысын мердігер компания «Қыран» ЖШС атқарды.

    қатысты посттар

    Жалағаш: «Наркескен» спортшылар үшін қолайлы бола түспек

    Фариза

    «Атыс салдарынан бір адам көз жұмды». Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Қызылорда облысында оқушылардың 83% қашықтан оқиды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.