-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы сапасыз салынған жол құрылысы қайта жөнделетін болды

    Қызылорда облысындағы «Жаңақұрылыс – Бекарыстан би» бағытындағы жол құрылысы әрі қарай жүргізіледі.

    2018 жылы аталған жолдың 9 шақырымы салынған. Бірақ зертханалық сынамалардың нәтижесінде жол сапасының тиісті талаптарға сәйкес еместігі анықталды. Мәселен, асфальттың қалыңдығы жобадағыдай 6 сантиметр емес, небәрі 4 сантиметрден аспаған. Екі елді мекен арасын жалғайтын 23 шақырым жолды жаңарту ауылдықтардың талай жылғы арманы еді. Жобаның жалпы құны 500 миллион теңгеге жуықтайды.

    «2019 жылы қаржы қаралмаған. 2020 жылы қазір 123 миллион теңге қаражат бөлінді. Зерделеу барысында анықталған ақаулардың жөнделетіндігі туралы тапсырыс беруші бізге мәлімет беріп отыр. Арада бір ай өткеннен кейін қайтадан зерделеп, тағы да сынамалар алынып, бұл мәселеге қайтып оралатын боламыз», – дейді Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.

    қатысты посттар

    «Алас, алас» жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырғандар елді шошытты (видео)

    Жұмыскер өз еркімен артық жұмыс істесе, оған үстеме ақы төлене ме

    Фариза

    Арал ауданындағы сапасыз төселген асфальт мердігердің есебінен қайта жөнделеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.