-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларына көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнатылады

    Қызылордада жылу беру маусымы алдында көпбалалы және аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен 2 592 отбасының үйіне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылады. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайдың алдын алу, қайғылы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

    «Өткен жылы жылу беру маусымында облыс бойынша 201 өрт тіркелді. Төтенше жағдайдың басым бөлігі тұрғын үй секторынан шықты.Осыған орай үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап департамент қызметкерлері жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Адам өмірін оттан сақтау, бақытсыздық жағдайды болдырмау басты мақсат. Сол үшін де департамент тарапынан тиісті шаралар жалғасын табады», – деді Саид Шазындаұлы.

    қатысты посттар

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    ШҚО-да ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі

    Фариза

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.