Среда, 19 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

    Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын.  

    Бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда  26  провизорлық стационар жұмыс істеді.     

    Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған  133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін  25 мыңға жуық  науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікте

    Фариза

    Қызылорда: Көлік инфрақұрылымы нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бақылауда

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА БІРНЕШЕ ЖОБА ӘЗІРЛЕНГЕН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.