-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласын дамытуда жан-жақты қолдау бар. Осыған орай Сырдария ауданында кәсібін дөңгелетіп жатқан тұрғындар қатары жетерлік.

    Кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде «Ұн өндіру комбинатын іске қосу» жаңа инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.

    Тың жоба Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарында бекітілген. Жоба инвесторы – «Аққұм Жер» ЖШС. Құны 80 млн теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы – тәулігіне 60 тонна ұн өндіру. Осы жобаның аясында 15 адам жұмыспен қамтылмақшы.

    Қазіргі таңда Түркия мемлекетінен өндіріс комбинатына қажетті құрал-жабдықтар алынып, жұмыстар жүргізілуде.

    қатысты посттар

    29 сәуірдегі доллардың ресми бағамы белгілі болды

    Фариза

    Елордадағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.