7 C
Алматы
Четверг, 5 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

    Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 32,2 млрд теңге төленді.

    Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады.

    32,2 млрд теңгенің 25,9 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 6,3 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

    2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 57 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім-шарт жасалған. Оның ішінде – 30 мемлекеттік медициналық ұйым (52,6%), 27 жеке меншік (47,4%).

    Барлығы 59,9 млрд теңгеге шарттар жасалған. Оның ішінде 43,3 млрд теңге (72,2%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,8%) МӘМС қаржысы құрайды.

    қатысты посттар

    Жалағаш: «Наркескен» спортшылар үшін қолайлы бола түспек

    Фариза

    Қызылордада жазасын өтеушілер кәсіптік білім алуда

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Қармақшыда балалар кітапханасының жаңа ғимараты салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.