16 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүріп жатыр

    Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы 8,9 шақырым бөлігінің арнасын тазарту үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді, алдағы уақытта мердігер мекеме анықталып тиісті жұмыстар басталады. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

    «Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзенінің «Белтақыр» учаскесінде ұзындығы 2 300 метр және «Сарыөзек» учаскесінде ұзындығы 1 500 метр болатын қорғаныс бөгеттерін жөндеу және нығайту жұмыстары. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің «Бумажник» учаскесінде ұзындығы 600 метр қорғаныс бөгетін ағымдағы жөндеу және нығайту жұмысы және Жаңақорған ауданы, Бірлік елді мекеніндегі ұзындығы 3 513 метрді құрайтын «Бірлік» тау каналын түзету, күшейту, аршу жүруде», – деді сала басшысы.

    Бұған қоса, 5 учаскені жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олар:

    – Арал ауданы, Құмбазар елді мекені тұсындағы «Кеңесарық» каналының ұзындығы 4 340 метр ұлтанын тазалау;

    – Арал ауданы, Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің «Жүсіпәлі иіні» учаскесіндегі ұзындығы 500 метрлік қорғаныс бөгетін қайта қалпына келтіру;

    – Қазалы ауданына қарасты Сарыбұлақ учаскесіндегі су тоспасын қайта қалпына келтіру. 1 гидротехникалық құрылыстарын салу;

    – Жаңақорған ауданы, Жайылма елді мекеніндегі ұзындығы 21 073 метрлік «Жігерлім» тау каналын аршу, тазалау және қазу жұмыстары;

    – Жаңақорған ауданы, Құттықожа тау каналының ұзындығы 35 362 метр бөлігін аршу және тазалау жұмыстары.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданы: Сейфуллин ауылында 6 көше жөнделеді

    Фариза

    Сыр қамысына Еуропадан сұраныс бар

    Фариза

    Серік Абас-шах: Бекболат Тілеухан маған “Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым, сені аяғыма жықсын деп сұрадым” деді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.